Павлодарда МакSим мен «Ирина Кайратовна» тобы өнер көрсетеді
Шаһарда Қала күніне арналған басты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 шілде күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын жанды дауыс, сүйікті әндер мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді.
Концерттің хедлайнерлері қатарында қазақстандық әншілер Диана Исмаил мен Ильхан, «Ирина Кайратовна» тобы, сондай-ақ ресейлік әнші МакSим және румыниялық «Fly Project» тобы бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ертіс жағалауындағы мерекелік кеш қала күніне арналған іс-шаралардың ең жарқын сәттерінің біріне айналмақ.
Павлодарлықтар мен қала қонақтары концертке қатысып, жаздың ең ауқымды музыкалық кешінің куәсі бола алады.