Павлодарда мамандандырылған ХҚКО уақытша қызмет көрсетуді тоқтатты

Павлодарда мамандандырылған ХҚКО уақытша қызмет көрсетуді тоқтатты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған электр қуатының өшуі себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Космонавтар көшесі, 2 мекенжайындағы мамандандырылған ХҚКО-да электр қуатының апаттық өшуіне байланысты қызмет көрсету және азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы мәлім етті. 

– Қазіргі уақытта негізгі электр беру желісіндегі зақымдану орнын анықтау үшін зертханалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Апатты жою жұмыстарын «Коммунсервис» КММ бригадасы атқаруда, – делінген хабарламада. – Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. 

Электр беру желісіндегі ақау жойылғаннан кейін жұмыс қайта басталады. Айта кетейік, ХҚКО орналасқан ғимаратта жарық 10 шілдеден бастап өшті.