Павлодарда мемлекет қолдауымен жатақхана ашылды

Павлодарда мемлекет қолдауымен жатақхана ашылды
Фото: өңірлік коммуникация қызметі

Онда ресейліктер жиі қонуға қалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Татьяна Матвиенко 2018 жылдан бері туризм саласында жұмыс істеп келеді. Жаңа бизнес-жоспарды қаржыландыру үшін ол «ЦентрКредит» банкіне жүгінді. Несие 22 миллион теңгеге мақұлданып, «Даму» қорының көмегімен несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына сегіз пайызға дейін төмендеді.

Татьяна үйді Қабдеш Нұркин көшесі, 72 сатып алған. Жатақханаға «AUROOM» деген ат қойып, бес бөлмеге қажетті жиһазды сатып алған. Жалпы төсек-орындардың саны – 26. Бір төсек-орын тәулігіне 5500 теңгеге, ал 12 сағатқа 4000 теңгеге жалға беріледі.

Кәсіпкердің айтуынша, бизнес-жоспарды ойластырған кезде ол астаналық хостелдерден үлгі алып, өз қонақтарыңа барлық жағдайды жасаған: әр төсекке арналған розетка, кілттері бар шкафтар, ортақ ас үй және жуынатын бөлме салған.

– Біз тамыз айынан бері жұмыс істеп жатырмыз, екі айдың ішінде 600 адам келді. Алғашқы алты айда жұмыс болмайды деп күткен едік. Бірақ қазір келушілердің саны күн сайын артып бара жатыр, кезек толып тұр, – деді жатақхана әкімшілігі. – Көбінесе бізге Ресейден келген қонақтар келеді.

Мұндай шағын қонақүйде фейс-контроль мен дресс-код бар. «Grand S Mont» ЖШС өкілі Рената Аукенованың айтуынша, олар мас немесе құжаты жоқ адамдарды кіргізбейді. Әкімшіліктің өзі қауіпсіздікте: полицияға жылдам қоңырау шалу батырмасы бар, кіре беріс есіктердің барлығы темірден жасалған, ал терезелерінде торлар бар.

Болашақта «AUROOM» Екібастұз және Ақсу қалаларында пункттері ашылатын жатақханалар желісіне айналады. Жаңа хостелдерді де «Даму» қорының көмегімен жабдықталады.