Павлодарлық дәрігерлерге қауіпсіздік ережелері еске салынды

Павлодарлық дәрігерлерге қауіпсіздік ережелері еске салынды
Фото: Константин Шелков

Іс-шара медицина қызметкерлерінің құзіреттілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, «Павлодар қалалық № 1 ауруханасының» медициналық персоналымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша» семинар өткізді.

Семинар медицина саласындағы қауіпсіздік және мәдениетті қорғау, еңбекті қорғау ережелерін сақтаудың маңыздылығына арналған.

Аталмыш іс-шара шеңберінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, жұмыс орнындағы жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін медициналық персоналды арнайы тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды сақтау мәселелері қаралды.

– Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау шараларына, кәсіптік аурулар мен жарақаттанудың алдын алуға, жұмыс орнында өндірістік санитария нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жұмыс орнында арнайы тамақтануды ұйымдастыру қызметкерлерге қауіпсіз және ыңғайлы еңбек жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігінің элементтерінің бірі болып табылады.