Павлодарлық жас суретшінің жұмысы Париждегі көрмеге қойылады

Павлодарлық жас суретшінің жұмысы Париждегі көрмеге қойылады

Оқушының суреті халықаралық байқауда бағаланып, оны жеңіске жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің – ЮНЕСКО клубының оқушысы «ThePlanetofART» халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. 3-18 жас аралығындағы байқау қатысушылары ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұра нысанының тарихи немесе мәдени маңыздылығын көрсететін сурет салуы керек еді.

15 жасар Ясмин Левадная гуашь техникасындағы «Өткеннің ұлылығы» жұмысы үшін марапатталды. Оның жұмысы қорытынды көрмеде жеңімпаз конкурсанттардың жұмыстарының қатарында ұсынылды. Жеңімпаздар жұмыстарының көрмесі қараша айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұсынылатын болады.

Ясмин талантты, еңбекқор, шығармашыл оқушы, әртүрлі деңгейдегі байқаулардың тұрақты қатысушысы және жүлделі орындардың иегері. Биыл ол Астана қаласында өткен «Тайқазан» республикалық байқауының жүлдегері атанды.