Павлодарда мемлекеттік тілді үйретудің ерекше сабағы өтті
«Ана тілі» орталығымен «Тілдік Glamping» атты шарасын өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Селита» этно-кафесінде өткен шараны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Аталған шараның мақсаты – өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолданылу аясын кеңейту, әлеуметтік ролін арттыру, тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру.
- Наурыз мерекесі қарсаңында осы шара арқылы орталығымызда оқып жатқандардың тілді қалай меңгергенін бір байқап аламыз. Түрлі тапсырмалар болды. Сондай-ақ шарада ұлттық тағамдар қалай жасалынатынын, ұлттық киімдерді қалай тігетінін түсіндірді, - деді «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кинжикова.
Қатысушылар мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды қазіргі заманға сай сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы үйренді.
Фото: облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы