Павлодар облысында азық-түлік пен коммуналдық қызмет қаншалықты қымбаттады
Павлодар облысы бойынша статистика департаменті бағалар қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасының 0,9%-ға, оның ішінде макарон өнімдері 2%-ға, күріш – 0,5%-ға кымбаттауы байқалды, - деді департаментте.
Ет бағасы 1%-ға қымбаттады, оның ішінде сиыр еті 2,2%-ға, құс еті – 0,6%-ға, қой еті –0,2%-ға. Шұжық өнімдері және еттен жасалған өнімдері 0,9%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,6%-ға қымбаттады. Қышқыл сүт өнімдері бағасы 2%-ға, майлар және тоң майлар – 1,3%-ға, сүт өнімдері – 1%-ға қымбаттады.
Көкөністер және жемістердің ішінде пияз бағасының 26,4%-ға, лимон – 9,5%-ға, банан – 2,7%-ға, қырыққабат – 4,1%-ға, сәбіз – 1,6%-ға өсуі байқалды.
Азық-түлік емес тауарлары бойынша жуғыш және тазалағыш құралдар 7,7%-ға, зергерлік бұйымдар – 3,1%-ға, фармацевтикалық өнімдері – 0,6%-ға, киім және аяқ киімдері – 0,2%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтеріне орталықтан жылыту және ыстық су 24,8%-дан, кәріз – 11,1%-ға, суық су – 6,5%-ға қымбаттады.
Павлодар облысында 2023 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 101,5%-ды, азық-түлік тауарларына – 101,4%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 100,6%-ды, ақылы қызметтерге – 102,9%-ды құрады.
Фото: Константин Шелков