Павлодарлық филармония жаңа маусымның алғашқы джаз-концертін ұйымдастырады

Павлодарлық филармония жаңа маусымның алғашқы джаз-концертін ұйымдастырады
Фото: pexels.com/Furtseff

Концертте әлем композиторларының туындылары орындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Иса Байзақов атындағы филармония қала тұрғындарын ерекше музыкалық кешке шақырады. «Оркестр аясындағы монологтар» атты концерт – жаңа 84-маусымның алғашқы джаз кеші болмақ.

Кеш барысында көрермендер әлемге танымал композиторлар Эдвард Холланд, Джон Фарли, Кол Портер және Боб Флоренс туындыларын тыңдайды. Сондай-ақ ерекше сый ретінде оркестр Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін заманауи джаздық аранжировкада орындайды.

Музыкалық бағдарлама махаббат, сағыныш, қуаныш пен үмітке толы әуендер орындалып, көрерменді эмоциямен шабытқа бөлейді. Кештің арнайы қонағы – ерекше дауыс иесі, талантты әнші Кира Шейкина. 

Кеш қонақтары өнер ордасының орталық холында ерекше экспозицияны тамашалай алады. Онда ұйым тарихына қатысты сирек құжаттар, көне музыкалық аспаптар, ноталар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады.

Филармония ұжымы павлодарлықтар мен қала қонақтарын жылы күзгі кешті музыкамен қарсы алуға шақырады. Концерт 17 қазан күні, сағат 19:00 өтеді.