Павлодарда мың айдың жүзін көрген ата жас ұрпаққа бата берді

Павлодарда мың айдың жүзін көрген ата жас ұрпаққа бата берді
Суретті облыстық білім басқармасы ұсынды

Ақсақал 150 ге жуық бүлдіршіндерге жақсы тілегін айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Әлімбаев атындағы мектепте «Наурыз бата» челленджі өтті. Челленджге 150-ге жуық оқушы қатысып, ақ сақалды, дуалы ауызды атадан бата алды.

–  Оқушыларға бата беру дәстүрін көрсетіп жатырмыз. Ұлтымызда «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген сөз бар соған 80 жасқа толған атамыз келіп, білім алып жүрген жас ұрпақтарына жақсылық тіледі, – деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразбек Бақытқан.

Оның айтуынша, бата беру халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі болғандықтан барлық мерекеде бата беріледі. Сол себепті жас ұрпақтарға бата беру дәстүрін түсіндіру мақсатында шара ұйымдастырған.

Ал 80 жасқа толған атаны халқымыздың мың айдың жүзін көрген адамның тігелі қайтбай қабыл болады деген ырымына қарай шақыртып, болашақтағы жастардың алдарының ашық болуына тілек тілеген.

Челлендж Екібастұз қаласы мен Ақсу қалаларының мектептеріне жолданды.