Павлодарда Наурыз мерекесіне орай үй жануарларына қорек жинайды

Сауапты істі қоғам белсенділері ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Қайырбаев және Астана көшелерінің қиылысында «Павлодар облысы азаматтық альянсы» қауымдастығы орнатқан киіз үйде павлодарлық баспанаға азық-түлік жинау ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары құрғақ және дымқыл тағамды, иттер мен мысықтарға арналған консервілерді, қарғыбауларды және т.б. үй жануарларына керек заттарды әкеле алады.