Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтарды сабыр сақтауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық терроризмге қарсы штабтың мәліметінше, 4 наурыз күні сағат 10.00-13.00 аралығында қала аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Наурыз-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.

Азаматтардан ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.