Екібастұзға қарасты ауылдық округінің тұрғындары жаңа әкімді сайлады
Сайлаушылар тізіміне 386 азамат енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, 19 қаңтарда Төртқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Дауыс беруге 248 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 22.
Төртқұдық ауылдық округінің әкімі сайлауының келесідей қорытындылары белгіленді:
Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Алдан Қабдылжанов үшін сайлаушылардың 20 дауысы берді, ал «Атамұра» мәдениет орталығы Төртқұдық ауылдық округі клубының әдіскері Жанар Уалинова үшін сайлаушылардың 136 дауысы берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны –79.
Сайлау қорытындысы бойынша Жанар Уалинова Төртқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында қандай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтетінін жазған болатынбыз. Алғашқы сайлау кеншілер шаһарына қарасты округте өтті.