Павлодарда қайда жарық болмайды?

Павлодарда қайда жарық болмайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Н. Назарбаев даңғылы, 21/1 – «Дружба» бизнес орталығы, «Econom shop pvl» әйелдер киімі дүкені, «Infarm» дәріханасы, «Народный» дүкені; 25 – «Nord storm» стоматология дүкені; 25/1 – «Podarkoff» гүлдер дүкені, Еуразия банкы, «Sd Family» футбол академиясы; 31/1 – «Клиника 7 Я» медициналық орталығы, «Akcecc Room» сервис орталығы, «Bek team» спорт үйірмелері, №5 қалалық емхана, «Сатурн» робототехника мектебі, «Сластена» цехі, «Linguastan» тіл мектебі;
  • Щедрин көшесі, 30 – «Гармония» шаштаразы, «Биосфера» дәріханасы, «Магнат» дүкені; 30/2;
  • Украинская көшесі, 99 – №84 бөбекжай-бақша; 101 – «Жаңа» азық-түлік дүкені, «Анжелика» сұлулық салоны, Халық банкы, «МерейФармПлюс» дәріханасы;
  • Минин көшесі, 40 – «Марина» азық-түлік дүкені.