Павлодарда орталық жағалауды ұзартатын көпір қашан салынады?

Павлодарда орталық жағалауды ұзартатын көпір қашан салынады?
фото: Константин Шелков

Инженерлік нысанның құрылысы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоба авторларының ойынша, көпір Усолка өзені мен Ертістің негізгі жағалауын қосу жоспарланған. Ол үшін «Ертіс» шаңғы–роллерлік базасының бойында жаяу жүргінші көпірін салу көзделді. Конструкцияны 2024 жылы құрастыру жоспарланған, алайда жоба әлі дайын емес.

Павлодар қаласы әкімдігінің мамандары Pavlodarnews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауапта жоба 95%-ға дайын екенін хабарлады. Бұл жұмыспен «ENVICON-A» ЖШС айналысуда.

– Құжат сметалық құжаттаманы дайындауды қамтитын аяқтау сатысында. Сонымен қатар, сметалық есептерге байланысты бастапқы рұқсат құжаттарын рәсімдеу қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, құрылыс ұйымдастыру жобасы мен қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттары дайындалуда, – деп жазылған жауапта.

Аталған процедуралар аяқталғаннан кейін құжаттар уәкілетті органдарға, соның ішінде «Ертіс бассейн инспекциясы» мен «Қазақстан су жолдары» РМК-ға келісуге жіберіледі. Оң нәтиже алынған соң жоба мемлекеттік сараптамаға жолданады.

– Көпір жаяу жүргіншілердің Ертіс өзенінен қауіпсіз өтуіне арналған. Оның ұзындығы 100 метрден асады. Ашық конструкция өзен мен жағалауды тамашалауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады әкімдік мамандары.

Pavlodarnews.kz тілшісі құрылыстың басталу мерзімі мен болашақ көпірдің сыртқы келбеті туралы білмек болды. Дегенмен, Павлодар қаласы әкімдігі мен ТҮКШ бөлімінен бірнеше мәрте жолданған сауалдарға жауап ала алмады.

Еске сала кетейік, көпір салу идеясы Усолка шағын ауданындағы Ертіс жағалауын абаттандырудан кейін пайда болған. Сол кезде оңтүстік және солтүстік жағалауларды біріктіру ұсынылған.