Екібастұзда батыр қыздың есімімен аталған көшеге жаңа асфальт төселді

Екібастұзда батыр қыздың есімімен аталған көшеге жаңа асфальт төселді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар бұл көшенің жаңаруын көп күткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ә.Молдағұлова көшесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Аталған көше бойында екі жыл бұрын инженерлік желілер жүргізілген болатын. Содан кейін жердің орнығуы үшін белгілі бір уақыт қажет болды.

– Биылғы жылы Ә.Молдағұлова көшесінде асфальт төселіп, жаяу жүргінші жолдары мен жеке тұрғын үйлерге кіреберіс жолдары салынды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Бұл көше – көлік қозғалысы өте жоғары учаскелердің бірі. Тұрғындар тарапынан оны қайта жаңғырту жөнінде бірнеше рет өтініштер түскен еді. Барлықтарыңызға түсіністік пен шыдамдылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деп жазды жеке парақшасында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Басқа да көлік магистралдарын қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда.

Бұл көшенің қалпына келуіне қаражат облыстық бюджет есебінен бөлінді.