Шарбақтыда «АМАNАТ» партиясын алаңдатқан фельдшерлік пункт құрылысы уақытында аяқталады
Партиялықтар Арбиген ауылында салынып жатқан нысанның құрылыс жұмысы кестеден кешігіп жатқанына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«АМАNАТ» партиясының комиссия мүшелеріне мердігерлер бұл жағдайды жергілікті биліктің электр қуатын қоспауымен түсіндірген.
Бұл ретте, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев Шарбақты ауданы Арбиген ауылына барып, салынып жатқан медициналық мекеменің құрылыс барысын тексеріп қайтқан.
– Ғимараттың шатыры салынған, бүгінгі күні ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, құрылыс жұмыстары уақытында аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі күні кестеден кешіктіру қаупі жоқ, – деді басқарма басшысы.
Жоспар бойынша фельдшерлік пункт құрылысы 24 тамызда аяқталуы керек.