Павлодарда сотталғандарды қоғамға қайтаруға көмектесетін комиссия құрылды

Павлодарда сотталғандарды қоғамға қайтаруға көмектесетін комиссия құрылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл комиссия прокуратураның бастамасымен жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз орталығының мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың барлығы осы жұмысқа тартылып, өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен белсенді өзара іс-қимыл жолға қойылды. 

Бұл – жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандардың ұсталатын жағдайларын жақсарту және оларды табысты қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары – сотталғандарға жұмыс орындарын құру, босатылған кезде қолдау көрсету, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту және қолдау, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық тетіктер белсенді енгізілуде. Комиссия аясында әлеуметтік бейімдеу, тәлімгерлік және бұрынғы сотталғандарды сүйемелдеу бойынша жобалар іске асырылуда.

Прокуратурада атап өткендей, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді үйлестіру – тек ведомствоаралық тығыз өзара әрекеттесу арқылы ғана негізгі мақсатқа қол жеткізуге болатынын дәлелдейді. Бұл – әр адамға түзелуге және жаза өтегеннен кейін лайықты өмір сүруге мүмкіндік берілетін қауіпсіз әрі әділ қоғам құру.