Павлодарда түнгі уақытта екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жексенбі күні сағат 23:35-те Павлодар қаласынан 103 қызметіне жол-көлік оқиғасы туралы хабар түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Назарбаев пен Амангелді көшелерінің қиылысында екі автокөлік соқтығысқан. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы және Төтенше жағдайлар медицина орталығының бригадасы жұмылдырылды.
– 2001 жылы туған бір жігіт пен үш қыз түрлі жарақаттармен Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Ал 23 жастағы ер адам медициналық тексеруден және ауруханаға жатқызудан бас тартты, – деді облыстық 103 станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.
Еске сала кетейік, осы демалыс күндері Павлодар облысында болған екі ірі жол апатынан екі адам қаза тапқан еді. Дәрігерлер тұрғындарды жолда сақ болуға және қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.