Павлодарда зейнеткер жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодарда зейнеткер  жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқиға 5 қараша күні сағат 18:00 шамасында Торайғыров көшесіндегі 83-ші үйге қарама-қарсы орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде орын алған. «Toyota Corolla» автокөлігінің 77 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1977 жылғы әйел адамды қағып кеткен. 

– Салдарынан әйел адам ауруханаға жатқызылды. Көлік айып тұрағына қойылды, – дейді департаментте. 

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ақсу мен Қалқаман арасындағы тас жолда машиналар соқтығысты. Жол апатында 50-ден 58-ге дейінгі бес әйел зардап шеккен болатын. Олардың бірі медициналық тексеруден бас тартты, қалғандары Ақсу қалалық ауруханасына жатқызылды.