Павлодарда тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды

Павлодарда тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды
Фото: @duis_pavlodar

Аталған факт бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, тергеу изоляторының қызметкерлері тыйым салынған затты ішке енгізу әрекетінің жолын кескен.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша қамауда отырған күдіктіге арналған сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік салынған жол сөмкесінің астарына күдікпен қарап, мұқият тексеріс жүргізді. Нәтижесінде ішінен мобильді телефон табылып, тәркіленді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы дерек бойынша азамат Г.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

– Тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысатындар жиі кездеседі. Мұндай жағдайлардың бәрі тіркеліп, құқық қорғау органдарына жіберіледі, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы, юстиция капитаны Берік Кәрібай.

Мекеме әкімшілігі азаматтарды тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасау – заң бұзушылық екенін және ол үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.