Павлодарда көлік пен скутер жанды

Павлодарда көлік пен скутер жанды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрт жедел түрде сөндірілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 16.01-де Майра көшесі бойында «Шевроле» маркалы автокөлік пен скутердің жануы туралы хабарлама түскен.

– Шақыруға шыққан өрт сөндірушілер өртті тез сөндіріп, әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, – дейді департаментте. 

Павлодар облысының өтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.