Павлодарда велотрасса үшін арнайы орын қарастырылады

Павлодарда велотрасса үшін арнайы орын қарастырылады

Аймақ басшысы Асайын Байханов облыс орталығын дамыту туралы жиын кезінде  осындай міндет қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 – Бұрын біз BMX-велосипедтері үшін жеке велотрасса құру жөнінде талқылаған едік. Осындай трасса үшін арнайы орын табу міндетін қоямын. Бұл –  жастар арасында өте танымал спорт түрі. Жоба қымбат емес.  Мұндай жобаға миллиардтаған қаржы қажет емес. Жастар  телефонға  танылып отырмай, белсенді спортпен айналысады. Сондықтан ақпан айының ортасына дейін осындай нысанның орналасатын орны мен дизайнын қарастырып, ұсыныс жіберіңіз, – деді Асайын Байханов. 

Сондай-ақ аймақ басшысы сауда нысандарын көріктендіру бойынша сұрақтар бар екенін атап өтті. 

– Бірде-бір сауда орталығы, базар сияқты адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда арнайы велосипед тұрағы жоқ. Бұл шын мәнінде көп шығынды қажет етпейді, металл құбырлардан жасалған велосипед тұрағы болады. Сауда орталығына жақындағанда, велосипедіңізді тұраққа қойып,  өз шаруаңызбен жүре беруге болатын еді, – деді облыс әкімі. 

Естеріңізге сала кетейік,  жиын барысында аймақ басшысы  жаңадан жеткізілетін 80 автобусқа жүргізушілерді дайындау, соңғы аялдамаларда шағын қоғамдық дәретханалар орнату мәселелері жайлы айтқан болатын.

Фото: Константин Шелков

 

Фото: Константин Шелков