Қойылым мен шаңғы жарысы: Павлодарлықтар демалыс күндерін қайда өткізе алады?

@Pavlodarnews.kz тілшісі сенбі және жексенбі күндері болатын мәдени және спорттық шаралардың тізімін жасады.
10 ақпан
15:00 - де «Шахмат үйінде» 2006-2012, 2013-2014, 2015 жылдары туған балалар арасында тоғызқұмалақтан қалалық чемпионат өтеді.
18:00 - де А. Чехов атындағы облыстық драма театрында «Любовь и голуби» комедиясы қойылады.
11 ақпан
09:45 - те «Зеленая роща» шаңғы базасында шаңғы жарысынан қалалық марафон басталады.
10:00 - де «Шахмат үйінде» 18 жасқа дейін жасөспірімдер, әйелдер мен ерлер арасында дойбы «64» бойынша ашық қалалық біріншілігі болады.
12:00 - де А. Чехов атындағы облыстық драма театрында «Домовёнок» ертегісі, ал 18:00 - де «Мамуля» комедиясы қойылады.