Павлодарда мас жүргізуші жігіт жазаға тартылды
Жыл басынан бері облыста төрт мыңнан астам жүргізуші жылдамдықты асырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізуші ұсталды, жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды.
– Патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары сағат 02:50-де Толстой-Байзақов көшелерінің қиылысында 20 жастағы павлодарлық жүргізген BMW маркалы көлікті ұстады. Жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – деп хабарлады департаментте.
Тағы бір жағдайда бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған азамат ұсталды. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Департамент бір тәуліктің ішінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары 105 құқық бұзушылықтың жолын кескенін атап өтті. Ал жыл басынан бері осы жүйелермен белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтамаған 4242 жүргізушінің жолын кесті.