Павлодар-Астана тас жолында жүргізуші қаза тапты

Павлодар-Астана тас жолында жүргізуші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Достық ауылының маңында жол апаты орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Mitsubishi Pajero» автокөлігінің жүргізушісі жолда аударылып қалған. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды, – деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеріп отыру, сондай-ақ алыс жолға шықпас бұрын демалып, жолда сақ болу қажеттігін ескертеді.