Павлодар станциясында пойыз сиырды қағып кетті

Павлодар станциясында пойыз сиырды қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қараусыз жайылған малдың иесі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар станциясындағы полицияның желілік бөлімінің хабарлауынша, желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін учаскесінде жүк пойызы ірі қара малдың темір жолда жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежеу жасады. 

– Дегенмен, соққының алдын алу мүмкін болмады.  Бір  сиырды қағып кетті. Полиция қызметкерлері иесіз малдың иесін анықтады, – дейді бөлімде. 

Иесіне қатысты темір жол маңында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.