Ток соқты: Павлодарда үш жігіт зардап шеккен оқиғаның мән-жайы айтылды

Ток соқты: Павлодарда үш жігіт зардап шеккен оқиғаның мән-жайы айтылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауруханаға жатқызылған үш адам естерін біледі, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні «Аяулы алақан» ҚБ мердігерлік ұйымы Усолка шағын ауданында жасыл желектерді қалыпқа келтіру  бойынша жұмыстар жүргізген. 

– Мердігер ұйымның өкілі Сапарғали Мұсабаевтың және зардап шеккендердің айтуынша, жұмыс кезінде жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бойынша барлық шарттарды сақтаған. Бір адам манипуляторда ағаштарды кесіп жатқан, екіншісі кабинада болған, үшіншісі жердегі кесілген жапырақтарды жинастырған, – дейді баспасөз қызметінде.

Жұмыстарды орындау кезінде 2001, 2002 және 2003 жылы туған үш штаттық жұмысшыны ток соққан.

Алдын ала  болжам бойынша, электр доғасының пайда болуы кезінде ток соққан. 

Естеріңізге сала кетейік, «Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлап, электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.  Екеуін 30 және 40 пайыз, үшінші адамды екі пайыз күйік шалған.