Май ауданында зейнеткер суға батып кетті

Май ауданында зейнеткер суға батып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы оқиға балық аулау кезінде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 маусымда сағат 07:50-де Саты ауылынан 35 шақырым жерде су басқан учаскеде жедел құтқару жасағының құтқарушылары судан 1959 жылы туған ер адамның денесін шығарды.

Ол балық аулау кезінде суға батып кеткені анықталды. Балықшыны шығаруға үш құтқарушы, бір техника мен жүзу құралы жұмылдырылды.