Интернет-алаяқтықты ұйымдастыру: Павлодарда күдікті қамаққа алынды

Интернет-алаяқтықты ұйымдастыру: Павлодарда күдікті қамаққа алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушылыққа қарсы әрекет ету және фрод-қоңыраулар жасау арқылы жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, Павлодар облысы полиция департаменті және облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел шаралар барысында Павлодар қаласының тұрғыны интернет-алаяқтыққа қатысқаны үшін ұсталды.

Сондай-ақ, күдіктінің пәтерін тінту кезінде бес SIM-box құрылғысы (SIM-карталарды қосу және оларды шетелде қашықтан пайдалануға арналған жабдық), 400-ден астам әртүрлі мобильді оператордың SIM-карталары, роутерлер және ұялы телефондар табылды. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес «Абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.