Павлодарда қайырымдылық кітап жәрмеңкесі өткізіледі
Жәрмеңкеден түскен ақша 11 жасар баланың еміне жіберіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспасөз қызметінің мәліметінше,жәрмеңке 23 сәуір күні «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында ұйымдастырылады.
– Барлық ниет білдірушілерге жақсы күйіндегі қызықты кітап әкелуге болады, біз оған қолайлы баға қойып, сатамыз, ал түскен ақша 11 жасар Санжар Бақтыбайды емдеуге көмектеседі. Сіз сондай-ақ жәрмеңкеден өзіңізге ұнайтын кітапты сатып ала аласыз, осылайша жақсылық пен көмекке үлес қоса аласыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Санжарға көмектескісі келетіндердің бәрі кітап әкеліп, облыстық кітапхананың тіркелу орнында «Санжарға» деген белгімен қалдыра алады.
– Санжарға ми бағанасының диффузды глиомасы деген диагноз қойылған. Отаны АҚШ-та жасайды. Ол үшін шамамен 5 миллион теңге қажет, – дейді ата-анасы.
Кітаптар 22 сәуір күні 19:00-ге дейін қабылданады. Ұйымдастырушылар ескі және қажет емес кітаптар қабылданбайтыны жайлы ескертеді.
Анықтама телефоны: +7(700)686-31-99.
Посмотреть эту публикацию в Instagram