Павлодарлық трассада жеңіл автокөлік КамАЗ-дың астына кіріп кетті
Жолаушыға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 08:30-да Омбы-Майқапшағай тас жолында, Байқоныс ауылының маңында Ауди-100 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің астына кіріп кетті. Кейін жүргізуші қозғалысты жалғастырып, ГАЗель көлігімен соқтығысты.
ЖКО салдарынан Ауди автокөлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тексеру жүргізілуде.