Торайғырда 40-қа жуық гектар аумақта шөп отқа оранды

Торайғырда 40-қа жуық гектар аумақта шөп отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт үш сағатта сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 шілде күні сағат 10:56-да «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Тұтану көзі ең жақын елді мекен – Торайғыр ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан болатын. Өрт 35 гектар аумақты шарпыған.

Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сағат 14:00-де сөндірілді.

– «Ауыл Құтқарушылар» өрт сөндіру бекеттерінің жедел әрекет етуінің және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада оқшауланып, сөндірілді, – деп атап өтті департаментте. 

Өрт сөндірушілерге «Бірлік» саяси партиясы, ерікті өртке қарсы құрылымы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері көмектесті.