Атамекен кентінде жоғалған 86 жастағы әйел әлі табылмады
Әжейдің есте сақтау қабілеті әлсіреген, адасып кетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздеу тобының мәліметінше, Атамекен кентінде 1939 жылы туған София Мерцалованы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалғыз тұратын қарт әйел үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Оның нақты қай күні жоғалғаны әзірге анықталған жоқ.
– Кеше біздің еріктілер полиция және әскери қызметшілермен бірге кент аумағын тексерді. Куәгерлерден жауап алынды, көшелер мен маңайдағы аймақ дрон арқылы шолынды. Алайда іздеу жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ. Іздеушілер бүгін де жұмыстарын жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, София Мерцаловада соңғы уақытта қысқа мерзімді есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалған. Сондықтан ол адасып кетіп, көмекке мұқтаж болуы мүмкін.
Іздеу тобы мен полиция Атамекен және жақын маңдағы елді мекен тұрғындарынан өз аулаларын, бос ғимараттарды мұқият қарап шығуды сұрайды.
Кез келген ақпаратты мына нөмірлерге хабарлауға болады:
- 8 (747) 615-55-63 — Катерина (WhatsApp);
- 8 (777) 334-82-01 — Светлана (WhatsApp);
- 102 — полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram