Павлодарлық «Ertis Рromenade» сахнасында мультфильмдер де көрсетіледі

Павлодарлық «Ertis Рromenade» сахнасында мультфильмдер де көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Ашық аспан астындағы басты сахнада балаларға да базарлық дайындалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамысованың айтуынша,  биылғы ерекшеліктердің бірі – орталық жағалаудағы сахнада жексенбі сайын мультфильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар,  әртүрлі фильмдер ұсынылды. 

–  Биылғы жылдың ерекшелігі – таңғы уақытта балаларға мультфильм, кешкі уақыттарда кино көрсетілімі болады. «Қазақфильм» киностудисымен келісімшартқа отырдық. Олар бізге 500-ге тарта кино ұсынды. Оның ішінен халыққа ұнайды-ау деген фильмдерді таңдап алдық. Жексенбі күні 28 мамыр күні сағат 20.00-де «Тақиялы періште» фильмінің көрсетілімі жоспарланып отыр, – дейді Айгүл Нұрғамысова.

27 мамыр күні сағат 20.00-де «Jazz Jamboree» джаз оркестрінің концерті өтеді. 

Еске сала кектейік, өткен жексенбі күні павлодарлықтардың назарына «Томирис» кинофильмі ұсынылды. Осы жексенбі күні қала тұрғындары мен қонақтары «Ertis promenade» сахнасында сағат 20:00-де «Тақиялы періште» фильмін тамашалай  алады.