Павлодарлықтарды ORDA тобы қала күнімен құттықтайды

Павлодарлықтарды ORDA тобы қала күнімен құттықтайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында өтетін шаралар тізімі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 20 шілдеде қала күні атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар орталық жағалауда сағат 06:00-де бастау алады, «Qala run» жарысы өтеді. 

Сағат 10:00-де Құлагер ипподромында бәйге басталады. Тұрғындарды қызықты жарыстардан бөлек, жүлделер мен ұтыстар күтеді, ұлттық тағамдардан дәм тата алады. Ал 11:00-де Гагарин саябағында мерекелік концерт өтеді. 

Сағат 12:00-де Усолка шағын ауданында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерттік-ойын бағдарламасы басталады. Дәл осы уақытта жағалауда жаңа сквердің тұсаукесері және «14 REGION» көркемсурет көрмесі өтеді және Теміржолшылар клубы балалар мен ересектерді көңілді бағдарламасына шақырады. 

Қаланың шығармашылық ұжымдарының концерті және «Амадеус» мерекелік агенттігі сағат 14:00-де Екінші Павлодар шағын ауданындағы Литвинов скверінде және 15:00-де «Достық» шағын ауданында ойын-сауық бағдарламасын өткізеді. 

Сағат 15:00-де Хим қалашығы шағын ауданындағы №16 мектеп аумағында қаланың балалар ұжымдарының қатысуымен концерт қойылады. 

Ал 16:00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында Металлургтер күніне орай «KSP Steel»ЖШС үздік қызметкерлері марапатталады. Сондай-ақ, осы уақытта орталық жағалауда жасөспірімдер арасында футболдан қалалық турнир өтеді. Бір сағаттан кейін садақ атудан жарыс басталады. 

Сағат 17:00-де орталық жағалауда кітап алмасу, өсімдіктер, макулатура жинау бойынша «Дармарка» өтеді. 

Сағат 18:00-де әуесқойлар арасында стритлифтинг бойынша қалалық турнир және бұқаралық күрес бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Усолка шағын ауданында да садақ ату, дартс, жағажай волейболы, арқан тарту бойынша жарыстар өтеді. 

Ал кешкі сағат 19:00-де қаламыздың «Ertis Promenade» басты сахнасында «Cover karaoke PVL-2» халықтық байқаудың финалистері шығып, ән салады. Кештің хэдлайнерлері – қазақстандық жұлдыздар әнші 2RAR, армян әншісі Sevak және ORDA тобы болмақ. Мерекелік концертті Гүлнәр Сильбаева мен Дастан Оразбеков жүргізеді. Кеш барысында лазерлік шоу мен дискотека күтіледі.