Павлодарлық спортшылар жеңіс тұғырына сәтті есіп келді

Павлодарлық спортшылар жеңіс тұғырына сәтті есіп келді
Фото: ЖСШМ

Өңір олжасында күміс және қола медаль бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Самарқандта (Өзбекстан) академиялық есуден Азия чемпионаты аяқталды. Турнирге құрлықтың 13 елінен 250 спортшы қатысты.

Чемпионаттың соңғы күнінде жоғары спорт шеберлігі мектебінің ескекшілері Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында күміс және қола медаль жеңіп алды.

Анастасия Кулинич сегіз жұпта екінші орынды, ал Владислав Финк пен Евгений Карижский үшінші орынды иеленді.

Спортшыларды Афанасьева О.В., Кобец Г. И., Воробьева Н. В. жаттықтырды.