Павлодар облысының мыңдаған баласы шахмат ойнады
Мектеп оқушылары бір мезгілде интеллектуалдық жарысқа түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының өңірлік дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы басшысының орынбасары Күмісай Асайынова айтып өткендей, «Жас гроссмейстер» жарысы облыстың 240 мектебінде өтіп, 12 400 баланың басын қосты. Жарыс 2-4, 5-8 және 9-11 класс оқушылары арасында ұйымдастырылды.
- Павлодарда ойындар «Шахмат үйінде» өткізілді. Онда облыстық және қалалық мектептер жарысты. Нәтижесінде жеке-дара сындарда үздік шыққан спортшылар анықталды, - дейді Күмісай Асайынова.
Матчтар тартысты өтті, барлық бала «Жас гроссмейстер» атанғысы келді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер өңірлік дене шынықтыру орталығының грамоталары мен медальдарына ие болды. Үздіктер республикалық жарысқа жолдама алды.
Фото: өңірлік дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы