Павлодарлық студент Мәскеуде лауреат атанды

Павлодарлық студент Мәскеуде лауреат атанды
Фото: Музыкалық колледж

Байқауға Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәскеу қаласында көрнекті педагог, П. И. Чайковский атындағы ММК профессоры Юрий Должиковтың құрметіне арналған XIII Халықаралық конкурс-фестивалі өтті. Жарыс үш кезеңнен тұрды.

Байқау үрмелі аспаптар мектебінің үздік дәстүрлерін сақтауға және жалғастыруға, жас дарынды музыканттарды анықтауға назар аудару, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін және үрлемелі аспаптарда орындаушылардың кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал етуге бағытталған.

Аталмыш конкурсқа «Үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің музыкалық колледжінің 1-курс студенті Жасұлан Түрегелді қатысып, екінші дәрежелі лауреат атанды.

- Жеңіс маған жаңа мақсаттарға жетуге, кемелдікке ұмтылу үшін қосымша күш пен мотивация береді. Күш-жігерің бекер өтпегенін білесің, өзіңнің өнерпаздар арасында үздік атанғанын алдағы жетістіктерді бағындыруға шабыт береді, - деді Юрий Должиков атындағы XIII Халықаралық ағаш, мыс үрмелі және ұрмалы аспаптар бойынша жас орындаушылар байқауының лауреаты Жасұлан Түрегелді.

Сондай-ақ, Мәскеуде Павлодар облысының музыканттарының үрмелі және ұрмалы аспаптар бағытындағы дайындық деңгейлерін жоғары бағалады.
Бұдан бөлек, Жасұланның оқытушысы «Павлодар облысының білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.