Павлодарлық драматургқа арнап белгітас орнатылады

Павлодарлық драматургқа арнап белгітас орнатылады
Фото: Константин Шелков

Биыл Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен, 16 тамыз күні сағат 17:00-де Ертіс-Баян өңірінің әйгілі перзенті, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов негізін салған тарихи мекен – «Мәдени кіндік» рухани тәрбие және білім беру кешеніне белгітас орнату рәсімі өтеді.

– «Мәдени кіндік» мекеніне белгітас қою идеясын Ж.Аймауытовтың аталас туысы, баянауылдық өлкетанушы Рамазан Нұрғалиев алғаш көтерді, – дейді музей қызметкері. 

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры демеуші азаматтарды үйлестірді. Белгітас солардың қаржысына қойылып отыр.