Павлодарлық «Биг-Бен» не себепті істен шыққан?

Павлодарлық «Биг-Бен» не себепті істен шыққан?
Фото: Валерий Бугаев

Оған найзағай себеп болған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ерекше ғимараттардың қатарындағы әрбір павлодарлық білетін Сәтбаев көшесінде орналасқан «Қазпошта» мекемесіндегі үлкен сағат істен шыққан. «Қазпошта» мекемесінің директоры Азамат Оралов бұл жағдайға ауа райы себеп болғанын мәлімдеді. 

–  Павлодар облысындағы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 6 шілдедегі найзағай кезінде мұнара сағаттарын басқару жүйесі істен шықты, – дейді мекеме басшысы. 

Мекеме басшысының айтуынша, барлық басқару жүйесін, техникалық ескірген жабдықты жаңарту қажет, басқарудың электрондық блогының бөлшектері 2000 жылға дейін дайындалған, оны қалпына келтіру жөнінде қиындықтар туындаған. Қазіргі уақытта сағаттарға қызмет көрсету жөніндегі маман Петр Пономарев ақауларды жоюмен айналысады. Сағаттарды іске қосу мерзімі белгісіз. 

Айта кету керек, соңғы рет сағат 2003 жылы ретке келтірілді.