Павлодарлықтар Рамазанның соңына дейін тарауық намаздан кейін тегін қайтады

Павлодарлықтар Рамазанның соңына дейін тарауық намаздан кейін тегін қайтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екібастұз қаласында да тарауық намаздан кейін тегін автобус тасымалдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айында Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттен тұрғындар үшін түнгі намаздан кейін тегін қоғамдық көліктер қатынайды. Бір ГАЗель мен екі автобус үш бағыт бойынша жүреді: Химқалашық, Дачный шағын аудандары және Екінші Павлодар. Адамдарды тегін тасымалдау Рамазан айының соңына дейін жалғасады.

Екібастұзда да түнгі намаздан кейін қалалық мешіттен үш автобус тегін қатынайды.

Олар екі бағыт бойынша жүреді:

  • бірінші бағыт: Беркімбаев – Амангелді – Қ. Нұралин – Бұқар жырау – М. Жүсіп – Екібастұздың 50 жылдығы – Б. Момышұлы.
  • екінші бағыт: Торайғыров – Энергетиктер – Әуезов – Қонаев – Кеншілер.