Павлодарлық жас қобызшылар Алматыда топ жарды

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Оразғали Сейтқазы атындағы ІІ республикалық «Киелі қобыз» жас қобызшылар байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл өнер сайысын Алматы қаласының мәдениет басқармасы мен Оразғали Сейтқазы атындағы қоғамдық қор ұйымдастырды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 110 үміткер қатысты. Олардың қатарында Семей, Солтүстік Қазақстан, Жаңаөзен, Астана, Қызылорда, Байқоңыр, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарынан келген өнер және музыка мектептерінің оқушылары мен музыка колледждерінің студенттері болды. Қатысушылар прима-қобыз, қыл қобыз, бас қобыз және ансамбль номинацияларында өз шеберліктерін көрсетті.
«...мыңнан тұлпар шығатын» бұл додаға Павлодардан «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің «Жауһар» прима-қобызшылар ансамблі мен жеке орындаушылар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық өнерпаздар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жүлдегерлер тізімін сілтеме арқылы көруге болады.