Павлодарлық рэперлер мафия заңдарына «бағынды»

Niman, Truwer мен оның тағы екі әріптесі ЭКСИ мен Captown алдағы күндері кезекті шығарылымымен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жинақ Omertà деп аталды. Бұл термин Италияның оңтүстігіндегі мафиялық ортада жиі кездесетін үнсіздік пен билікпен қарым-қатынастан бас тарту кодексіне қатысты. Альбом 4 сәуірде шығады деп жоспарлануда. Niman – Әнуар Баймұратов, Truwer – Саян Жимбаев Павлодарда құрылған «JILLZ» тобынан шыққан музыканттар. Әнуар Баймұратов тағы бір павлодарлық – атақты рэпер Скриптониттің «VBVVCTND» бірінші танымал туындысының тең авторы.
Truwer Павлодарда дүниеге келген. Кейін Саян Жимбаев Әділ Жәлеловпен (Скриптонит) кездесті. Оның музыканы негізгі кәсібі ретінде таңдауына осы танысу әсер етті.
Жақында Павлодарда өткен бокс кешінде Truwer жерлестеріне өзінің бірнеше тректерін арнап айтты.