Павлодарда ҚХА мүшелеріне қарым-қатынас құру трендтерін үйретеді
Семинар-тренингтерді тәжірибелі мамандар өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екі күн бойы Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Павлодар облысы ҚХА қолдауымен «Коммуникацияның заманауи технологиялары» және «Этномәдени ортада коммуникацияның тиімді стратегиялары мен тактикалары» тақырыбында семинар-тренингтер өтеді.
Олардың басты мақсаты – қатысушыларға коммуникациялық процестің ерекшеліктерін түсінуге көмектесу және оларды әртүрлі этномәдени топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауға үйрету.
Семинар-тренингте журналист, ҚР Президенті Академиясының лекторы, «Қымбат сөйле» шешендік курсының авторы Салтанат Оңғар және Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі дәріскер-тренер Рустам Кайрыев шеберлік сабақтарын өткізеді.
– Әр салада адамдармен байланыс орнату маңызды, – дейді Салтанат Оңғар. – Біз жаңа трендті түсіндіріп жүрміз–қысқаша өз ойыңды жинақы етіп, басқаның көңіліне тимейтін дұрыс жеткізе білу.
Менторлар қатысушыларға дауысты қою, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдерін көрсету, өзін-өзі таныстыру техникасын көрсететін болады.
– Айтып жатқан кезде қолды қалай ұстау керектігіне мән бермей жатамыз. Қалай дұрыс тұру, қозғалу керек екенін аңғармаймыз. Лекцияда айтылған техникаларды менімен бірге қайталанып, есте қалады, – деді спикер.
Солтүстік Қазақстанда «Радзіма» облыстық беларусь мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мария Татаренко семинардың тақырыбын өзекті деп санайды. Оның сөзінше, Солтүстік Қазақстанда барлығы 28 этномәдени бірлестік бар.
– Мен үшін бұл семинарға өзара әрекеттесудің практикалық дағдыларын алуға және әріптестеріммнен кездесу үшін келдім, – деді Петропавл қаласының тұрғыны. – Павлодарға он жыл бұрын бірінші рет келген едім. Сол уақыттан бері есімде Достық үйі мен этномәдени орталықтардан тек қана жылы естеліктер қалды.
Қостанай облысы корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Радмила Ким жаңа тәжірибе мен таныстарға ашық. Мұндай кездесулер өте қажет деп санайды.
– Біз түрлі облыстардағы түрлі этностардың өкілдеріміз. Осы жердегі алған ақпаратты жерлестерімізге жеткізіп, бөлісеміз, – дейді Радмила Ким.
Семейден Павлодарға «Айша бибі» қазақ ұлттық-мәдени орталығының 78 жастағы төрағасы және аттас фольклорлық ансамбльдің жетекшісі Айман Бөкпасарова келді. Бұл мәдени бірлестік қазақ халқының мұрасын – сәндік-қолданбалы өнерді, халық шығармашылығын сақтауға көмектеседі.
– Павлодар Талдықорғанға қарағанда үлкенірек, жасыл қала екен. Ал Достық үйі – керемет аурасы бар нағыз сарай, – деп бөліседі Жетісу облысының қытай этномәдени бірлестігінің өкілі Людмила Мазова.
150 қытай отбасы бар қоғамдық бірлестік Талдықорған қаласында 26 жыл бұрын құрылды. Людмила Мазованың сөзінше, Талдықорғанға Қытайдан азаматтардың үлкен ағыны 1960 жылдары байқалды.
– Менің анам Қазақстанға баласымен бірге келді. Мен Қазақстанда туған қытай азаматымын. Отаным – Қазақстан. Мұнда біз өз дәстүрлерімізді сақтай аламыз, ұлттық мерекелерді өткізе аламыз, – деді Людмила Мазова.
Семинар-тренингке Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен АҚДМ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Астана, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарынан қонақтар мен лекторлар және БАҚ өкілдері қатысады.