Павлодарлық «Ertis» баскетбол командасын серб бапкері жаттықтырады
Ол Қытай мен Еуропада жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық лиганың павлодарлық «Ertis» командасы сербиялық баскетбол жаттықтырушысы Бранислав Грегоричты қабылдауға дайындалуда. Ол 18 қыркүйек күні Павлодарға келеді.
Бранислав Грегорич ерлер құрамасын жаттықтырады. Баскетбол клубының директоры Жұлдыз Байдүсеновтың айтуынша, оның тәжірибесі мол, Қытай мен Еуропада жұмыс істеген.
– Менің ойымша, ең жақсы бапкерлер – Сербияда, олардың тактикасы анық. Біздің білуімізше, сербтер техникалық базамен өте жақсы жұмыс істейді. Олардың білімі көп. Өз білімі мен өнерін біздің жігіттермен бөлісіп, Павлодардағы баскетболды жақсартады деп үміттенеміз, – деді директор.
Бранислав Грегоричтің өзі «Ertis» бір орында тұрмайды деп уәде берген.
Қазіргі уақытта клуб қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан, жаңа бапкерге екінші жаттықтырушы мен көмекшісін жалдай алмады. Сол себептен Бранислав Грегорич жалғыз жұмыс істейтін болады.
– Келгесін одан фарм-командасының тактикалық және техникалық базаны жақсарту үшін қамқорлық жасауын сұраймыз. Ол біздің спортшыларды Қазақстан құрамасында ойнауға жетелейді деп сенемін, – деп болжады Жұлдыз Байдүсенова.
Сербпен келісімшарт бір маусымға, яғни қазаннан сәуірге дейін жасалды. Биылғы маусымда Бранислав Грегорич жетекшілігімен алдағы ойындар Павлодарда 8-9 қазанда «Легионмен» және 22-23 қазанда «Тоболмен» өтеді.