Ертіс футболшылары №1 жанкүйерді туған күнімен құттықтады

Команда мен оның жанкүйерлері оған қарыздар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Команда басшылығы, жаттықтырушылар құрамы мен ойыншылары облыс әкімі Асайын Байхановты құттықтап, зор денсаулық пен сәттілік тіледі. Сәтті пайдаланып, футболшылар клубқа көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін облыс басшысына тағы да алғыстарын білдірді.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың бастамасымен «Ертіс» футбол клубын жаңғырту идеясы өмірге келе бастады. 2023 жылдың мамыр айында команда Қазақстан чемпионатынан шыққаннан кейін тура үш жыл өткен соң, өңір басшысы клубты қайта жаңғыртудың жол картасын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді.
Жыл соңына қарай жаңғыру үрдісі нақты сипат ала бастады. 2024 жылдың басына қарай қарыздың негізгі бенефициарлары – футболшылар мен жаттықтырушылармен келісімге келу мүмкін болды. Ең маңыздысы – «Ертістің» сабақтастығы мен жетістіктері сақталды.
– Павлодарлық ретінде мен «Ертісті» қатты жақсы көремін, бірақ менің жеке мотивациям – жергілікті жігіттердің ойнауы. Роналдоның туған жерінде жергілікті балалар футболшы болуды армандайтыны сияқты павлодарлық жігіттер де «Ертісте» ойнауды армандауы керек. Ол үшін Павлодардың өз жұлдыздары болуы керек: өзіміздің Серік, Марат және Сергейлер секілді жеткіншектер ойнауы керек, - деді команданың алғашқы жаттығуына қатысқан Асайын Байханов.
Наурызда «Ертіс» Қазақстан кубогінде, ал сәуірде Екінші лига чемпионатына кірісті. Чемпионат нәтижесінде команда Бірінші лигаға қатысу құқығына ие болды.