Асайын Байханов «Ертіс» ФК-ның жанкүйерлерін құттықтады
Асайын Байханов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Бүгін павлодарлықтар Қазақстан Кубогында Алматылық «Хан-Тәңірі» ФК қарсы ойын өткізді. Ойын нәтижесі 1:0 есебімен біздің команданың пайдасына шешілді, ал алаңда тек облысымыздың тәрбиеленушілері ойнады, – дейді өңір басшысы.
Облыс әкімі Бірінші лиганың фавориттерінің бірін жеңу тек жанкүйерлерге ғана емес, жақында өзінің 35-ші туған күнін атап өткен бас бапкер Сергей Якушинге де керемет сыйлық екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет команда ресми матчта 2019 жылы жеңіске жеткен еді.