«Ертіс» Петропавлда жеңілістен аман шықты
Солтүстік дерби: «Қызылжар» мен «Ертіс» тең тарқасты — 2:2, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші аясында «Қызылжар» өз алаңында «Ертісті» қабылдап, матч 2:2 есебімен аяқталды.
Бірінші тайм ауыр әрі тартысты өтті: жылдамдық төмен, қателік көп, қауіпті сәттер аз болды. Юрий Перцух пен Тамерлан Ағымановтың алаңнан қуылуы даулы көрінді.
Үзілістен кейін Тимур Мульдинов алаңға шығып, есеп ашты. «Ертіс» қарымта қайтаруға тырысқанымен, шабуылда жылдамдық жетіспеді. 67-минутта Мамаду Мбодж есепті теңестірді.
Кейін стандарттан Бугре гол соғып, «Қызылжарды» алға шығарды. Матч соңында төреші даулы пенальти белгілеп, Мирас Тұрлыбек оны голға айналдырды — 2:2.
Соңғы минуттарда алаң иелері жеңісті жұлып алуға жақын болды, бірақ сәттілік жетіспеді.
Төртінші турда «Ертіс» «Алтаймен» ойнайды. Матч 4 сәуірге жоспарланған, өтетін орыны мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.