Павлодарлық журналистер кәсіби мерекесін жасыл алаңда қарсы алды

Павлодарлық журналистер кәсіби мерекесін жасыл алаңда қарсы алды

Жергілікті БАҚ өкілдерінен жасақталған командалар Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалының Кубогін сарапқа салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

БАҚ қызметкерлерк күні қарсаңында «Жұлдыз» стадионында «Ertis Media» ЖШС, «Ирбис» пен «Ertis» телеарналары және республикалық БАҚ меншікті тілшілерінің командалары ойнады. Ұжымдар бір айналымдық турнир бойынша өнер көрсетті. 

Турнирдің алғашқы матчтарынан-ақ турнирдің фавориттері анықталды: «Ertis Media» жігіттері «Ertis» телеарнасын 8:1 есебімен, ал «Ирбис» меншікті тілшілерді 9:0 есебімен ұтты. Әрі қарай жеңімпаздар қарсылас алмасып, оларды да ірі есеппен ұтты.

Үшінші орынды «Ertis» телеарнасы мен меншікті тілшілер командалары сарапқа салды. Телеарна футболшылары есепте 2:0 басымдықты қолдан жіберіп алып, ақыры жеңісті меншікті тілшілер тойлады – 4:2. 

Соңғы әрі шешуші матчта «Ирбис» мен «Ertis Media» кездесті. Бірден айта кету керек, теледидар футболшыларының шеберлік деңгейі жоғарырақ болды. Дегенмен, «Ertis Media» жігіттері де аянып қалмай, барынша қарсылық білдіруге тырысты. 

Матч аса тартысты өтті. Екінші таймда жалғыз голды турнирдің үздік ойыншыларының бірі Дмитрий Белоградов соқты. Әрі қарай «Ирбис» есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмады: пенальтиді турнирдің «Үздік қақпашысы» Асыл Әбіш қайтарды. 

Тоғыз гол соққан «Үздік шабуылшы» «Ertis Media» өкілі Оралхан Қожанов болса, «Үздік қорғаушы» болып «Ertis» телеарнасының тілшісі Байтұрсын Жұмабай иемденді. 

Облыстық журналистер одағының төрағасы Болат Аманбаев айтып өткендей, мұндай турнир дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Фото: Есенжол Исабек