Павлодар облысының екі футбол клубы кездеседі

Павлодар облысының екі футбол клубы кездеседі
Фото: Константин Шелков

Аталмыш ойында қазақстандық танымал жұлдыз өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 шілде күні сағат 19:00-де қалалық орталық алаңда облыстың екі клубы «Ақсу» мен «Ертіс» жеңіске таласатын болады. 

Бұл матчта танымал әнші «Jazzdauren» өнер көрсететін болады. 

Еске сала кетейік, өткен ойында «Ертіс» футбол клубы петропавлдық «Қызылжар» жастар клубымен кездесіп, 3:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

Айта кету керек, өткізілетін матч – жаңа бас жаттықтырушының басшылығымен өтетін екінші ойын.